Ертең Павлодарға жол жүрейін деп жатырмын. Банкрот болған компания директорының мойнына 18 млн. қарыз ілініп, жалғыз үйінен айырылу қауіпі бар. 3 млн. депозитін ұстап алды, ай сайын жарты зейнетақысын алып отыр.
Жалпы іс жүзіндегі компанияның басшылары менің шетелдік клиенттерім. Соларға айтамын да, кезінде 15 минут кеңес алсаңдар осы болмас еді, ал енді қарадан қарап қарияның обалына қалып отырсыңдар.
Заңи мәселелер ауру сияқты ғой, дереу алдын алмаса қиындай түседі. Заң мәселесінде салғырт болмаңыздар. Талай жылғы еңбектің нәтижесі бір мезетте жоқ болуы мүмкін.
Сіз ойламасаңыз оны ешкім ойламайды. Осы істе де, судья демалысқа асығып сот отырысына дұрыс шақырмаған, әрі қарияның қатысуынсыз шешім шығарған. Аталған сомма субсидиярлық жауапкершілік аясында өндірілді. Өкінішке орай апелляция сот шешімін өзгерусіз қалдырды.