Тауар таңбасын тіркеу міндетті емес. Сіз атау немесе логоны шығарып, жария түрде қолдана бастаған сәттен-ақ ол сіздің зияткерлік меншік болады. Дегенмен тауар таңбасын тиімді қорғау және сізге тиесілі екенін дәлелдей алу үшін оны тіркеген дұрыс.
Тауар таңбасы ретiнде бейнелеу, сөз, әрiп, цифр, көлем белгiлерi және өзге де белгiлер тіркеледі. Яғни ол атау, лого, слоган және басқа өзге форматта болуы мүмкін. Мысалы Coca Cola өз бөтелке формасын, ал Toffifee өз кәмпиттерінің формасын жалпыға бiрдей белгiлі тауар таңбасы ретінде тіркеген. Себебі бөтелке немесе кәмпиттегі ерекшеліктер ұзақ жылдар ішінде брендпен ассоциация тудыратын белгіге айналған.
Тауар таңбасын kazpatent.kz сайтында онлайн тіркеуге болады. Тауар таңбасын әркім өзі тіркей алады, бірақ қате кетпес үшін заңгер, патенттік өкіл қызметіне жүгінген дұрыс.