BOLATBEK заңфирмасы Сарыарқа ауданының полиция басқармасы жүргізген өзінше билік ету фактісі бойынша қылмыстық іс аясында кәсіпкердің құқықтары мен мүдделерін сәтті қорғады.
Біз бір жыл бойы бұл істі жүргізім тергеу аясында клиенттің жабдықтарын тәркілеуге жол бермедік. Сонымен қатар, жұмысымыздың нәтижесінже қылмыс құрамы болмағандықтан іс тоқтатылды. Бұл шешім клиентіміздің оппоненттері тарапынан азаматтық талап беру негіздерін болдырмады.
Сарыарқа ауданының прокуратурасына, оның ішінде кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау тобына, сондай-ақ Сарыарқа ауданының полиция басқармасына осы істі шешу барысында көрсеткен кәсібилігі мен тиімді өзара іс-қимылы үшін шынайы алғысымызды білдіреміз.
BOLATBEK заңгерлік фирмасы бизнес мүдделерін сенімді қорғауды жалғастыра отырып, клиенттерге жоғары білікті және жедел заңгерлік көмек көрсетуді қамтамасыз етеді.