АХҚО компаниясының қызметкерлеріне уақытша тұруға рұқсат алынды
BOLATBEK заң фирмасы Астана Халықаралық қаржы орталығында тіркелген компания қызметкерлеріне уақытша тұруға рұқсат (УТР) алуға сәтті қолдау көрсетті. Бұл жағдайда УТР алу процесі Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы көрсетілетін стандартты қызметтен ерекшеленіп, құжаттар тізіміне қатаң талаптар қойылып, рәсімдеу тәртібі күрделенген.

Біздің команда жинақтаған үлкен тәжірибенің арқасында біз құжаттарды рәсімдеу процесін жеделдетіп, клиенттер үшін тәуекелдерді барынша азайта алдық. Бұл жетістік миграциялық құқық саласындағы біздің құзыреттілігімізді және күрделі жағдайларда кәсіби қолдау көрсете алатынымызды тағы да растайды.
11.07.2024


Сайттағы ақпарат заңгерлік көмек болып табылмайды. Автор бұл ақпаратты қолданып жасалған әректтер үшін жауапты емес. Кәсіби заңгерлік көмек алу үшін тікелей хабарласыңыз.