Таксит пен заңгер немесе

не үшін адвокатты жалдауымыз керек?

Таксимен келе жатып келесі ой келді. Неліктен клиенттер заңгерді жалдау қажет? Барлығы заңда жазылған емес пе? Оқы да істе! Әсіресе кәсіпкерлер осы ойда болады.

Мен бұл оймен келіспеймін. Біріншіден, барлығы заңда жазылмаған, яғни қарапайым адам барлығын тауып, оқып түсініп, бір-бірімен байланыстыра алмайды. Ол тек қана күрделі жағдайларда ғана емес, бір қарағанда қарапайым көрінетін дүниелерге де қатысты.

Екіншіден, мен таксиде отырғанда жүргізуші смартфонында навигатор тұрды. Қара да жүре бер! Несі қиын? Алайда ол навигаторға қарап ұзақ кептелісі бар жолдармен, кішкентай переулоктармен жүріп, әдеттегіден анағұрылым ұзақ уақыт жұмсады. Егер де ол тәжірибелі болып, сол тәжірибе аясындағы біліміне негізделсе, қай көшемен жүрген тезірек, қай жерге жеткенше кептеліс басталатының біліп, мені офисіме дейін тезірек жеткізер еді. Навигатор көрсетпетін ақпаратты біліп, оны қолданар еді.

Сол сияқты біз заңгерлер қажетті жолды тауып қана қоймай, онымен сіздің тез әрі қауіпсіз жүріп шығуыңызды қамтамасыз етеміз.


Сайттағы ақпарат заңгерлік көмек болып табылмайды. Автор бұл ақпаратты қолданып жасалған әректтер үшін жауапты емес. Кәсіби заңгерлік көмек алу үшін тікелей хабарласыңыз.