Қылмыстық іс бойынша кеңес

Кәсіпкер немесе басқа да кез-келген адам өз өмірінде қылмыстық қудалауға ұшырауы мүмкін. Ең қарапайым мысал ол кісі өліміне алып келген жол апатына себепші болу. Жаман айтпай жақсы жоқ демекші ондайға да дайын болуымыз керек.

Қандай жағдай болмасын, қандай іс болмасын негізгі қағида - сұрақтарға жауап беруге асықпау. Адвокатсыз ештеңе айтпау. Заң бойынша әр адам өзіне қарсы сөйлеуден бас тарта алады. Бұл ереже барлығына қатысты. Күдіктіге де, куәгерге де. Ал күдікті мүлдем жауап беруден бас тарта алады.

Сол себепті тергеуші сұрақтарына жауап беруге асықпай, адвокатпен кеңесіп алған дұрыс. Жауап беруден бас тартуы кінәсін мойындау деп білетіндер бар. Әсіресе тергеушілер бұл жалған қағиданы өздерінің манипуляциясында қолданады.

Ал расында олай емес. Адам жауаптан бас тартудың негізгі себебі дайындалу, тергеушіге ақпаратты жан-жақты және жинақы етіп ұсыну болуы мүмкін.

Тіпті жәбірленуші де арыз жазбай тұрып, жауап бермей тұрып адвокатпен кеңесу керек. Себебі тергеуші оның арызын кері қараусыз қалдыруға әрекет жасауы мүмкін. Ең кемі ол іске маңызы бар деректерді көрсетпеуі, анықтамауы ықтимал.

Осындай жағдайларды болдырмас үшін, уақыт пен қаражатты үнемдеу үшін ең бірінші сәттерден бастап адвокатпен кеңесу керек.


Сайттағы ақпарат заңгерлік көмек болып табылмайды. Автор бұл ақпаратты қолданып жасалған әректтер үшін жауапты емес. Кәсіби заңгерлік көмек алу үшін тікелей хабарласыңыз.