Жеке кәсіпкерлік (ИП) әлде ЖШС (ТОО)? Қайсысы дұрыс?
Кіші бизнеске әрине Жеке кәсіпкерлік қолайлы. Салық есептерін беріп тұру, салықты төлеу, банкте шот ашу оңай. Көтерме саудамен айналысатындарға арнайы жеңілдіктер көп.
Тек салық есептерін уақытылы өткізіп отырмасаңыз жеке шоттарыңыз бұғатталады. ИП қарызға батса Сізде қарыз боласыз. Яғни ИП ол бөлек субъект емес, Сіздің режим/статусыңыз.
ЖШС бизнесте бірнеше серіктес болса, инвестиция тарту, бизнесті сату ойда болса қолайлы. ЖШС-да құжаттар көбірек болады, бірақ соншалықты күрделі емес. ЖШС бұл бөлек субъект. ЖШС қарыздары бойынша оның құрылтайшылары жауап бермейді. Алайда ЖШС банкрот болып, құрылтайшы мен директордың кінәсі анықталса, олар ЖШС қарызы бойынша жауап берулері мүмкін.
2023 жылдан бастап кіші бизнеске жататын ЖШС және жеке кәсіпкерлердің салық есептерін беру одан да оңтайландырылады.