Бизнес заңгердің міндеті қандай?

Заңгер ретінде менің негізгі мақсатым қандай? Бірінші кезекте клиентімнің кәсібі, жобасы барысында түрлі тәуекелдердің алдын алу.

Мысалы ковид карантині кезінде күн сайын өзгеріп жатқан заң талаптарын бақылап, қадағалап отыру нәтижесінде бір де бір клиенттерімізге айыппұл салынбады. Еңбек шарттары мен бұйрықтар дұрыс рәсімделгендіктен клиенттер негативті жұмыскерлерден тәуелді болған жоқ және оларды сотта оңай жеңіп шықты.

Екінші міндетім ол туындаған қиындықты шеше білу. Мысалы клиенттің тауарын заңсыз тәркіленген соң дереу шаралар, шағымдар арқылы тауарды бірнеше ай орнына бір апта ішінде қайтардық. Салық органымен соттасып миллиондаған соммаларды үнемдедік.

Бизнес адвокаттың ең негізгі міндеті ол кәсіпкердің заң туралы емес тек өз кәсібі туралы ойлауға жағдай жасау.


Сайттағы ақпарат заңгерлік көмек болып табылмайды. Автор бұл ақпаратты қолданып жасалған әректтер үшін жауапты емес. Кәсіби заңгерлік көмек алу үшін тікелей хабарласыңыз.