Сот орындаушы 24 000 000 теңге көлемінде ұрланған қаражатты қайтарды
BOLATBEK заң фирмасының командасы Астана қаласының жеке сот орындаушысы ұрлаған 24 000 000 теңгені қайтарып алуға қол жеткізді. Сот орындаушысы борышкердің ақшасын өндіріп алушыға аударудың орнына, оларды букмекерлік кеңсеге жұмсаған. Біздің командамыз шұғыл түрде қылмыстық іс қозғап, сот орындаушысының орналасқан жерін анықтап, барлық дәлелдерді тіркей алды.

Алайда, тергеу барысында біз тергеушілердің біліктілігінің төмендігіне және мүмкін болатын жемқорлық әрекеттеріне тап болдық, бұл тергеу процесін қиындатты. Қылмыстық істен бөлек, біз жеке сот орындаушысының атқарушылық іс жүргізуді тоқтату туралы әрекеттеріне де қарсы шығып, оны сот арқылы оспаруға мәжбүр болдық. Командалық жұмыстың арқасында, азаматтық сот, қылмыстық іс және әділет органдарына, сондай-ақ Президент әкімшілігіне шағым жасау арқылы ақшаны қайтаруға қол жеткізілді.


Сонымен қатар, біз тергеу әрекеттерінің заңсыздығын дәлелдеп, өндіріп алушыны жәбірленуші ретінде тануға және атқарушылық іс жүргізуді заңсыз тоқтату туралы шешімді жоюға қол жеткіздік. Жалпы алғанда, Есіл аудандық полиция басқармасы тергеу бөлімінің жұмысының өте төмен сапасын атап өту керек, бұл сот орындаушысының қылмыстық қудалаудан құтылып кетуіне мүмкіндік берді.

Біздің клиент үшін жағдай сәтті аяқталды — атқарушылық іс жүргізу оның пайдасына толық орындалды, және жеке сот орындаушысы ұрланған 24 000 000 теңгені қайтарды.
15.06.2021


Сайттағы ақпарат заңгерлік көмек болып табылмайды. Автор бұл ақпаратты қолданып жасалған әректтер үшін жауапты емес. Кәсіби заңгерлік көмек алу үшін тікелей хабарласыңыз.